2025 жылдың 23 - 24 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту білім министрлігі мен қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды облысы, Шахтинск қаласында “Табыс навигаторлары қосымша білім берудің өзекті практикалары” тақырыбында республикалық семинар өтті.

Екі күнге созылған семинарға Ақтөбе қаласының қосымша білім беру мекемелерімен бірге @ddiut_bolashak басшысы С.Ө Қайырбекова қатысып, шығармашылық үйінің тыныс тіршілігімен дарынды балаларды табу, қолдау, дамыту бағытындағы өз іс - тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында Ақтөбе, Астана, Ақмола, Шучинск және басқада аймақтардан келген қосымша білім беру ұйымдарының басшылары өзара тәжірибе алмасып, Шахтинск қаласындағы оқушылар Сарайының басшысы мен ұжым мүшелеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта қызметтеріне сәттілік тіледі.