Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі қосымша білім беру мекемесі қаламыздың «Болашақ» шағын ауданында орналасқан. Ол 2010 жылдың ақпан айында «Болашақ», «Мәскеу», «ГМЗ», «Әуеқалашық», «Юнис-Сити», 11 және 12 шағын аудандарының балаларына бос уақытын тиімді, әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында ашылған болатын.
Қазіргі таңда балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінде білім алып жатқан тәрбиеленушілердің саны мектеп жанындағы үйірмелерді қоса алғанда 677-ні құрайды.
Оқу үрдісін жүзеге асыру барысында балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінің ұжымы мынадай міндеттерді шешеді:
* педагогтердің біліктілігін арттыру;
* жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу;
* оқу үрдісіне заманауи оқыту әдістері мен технологияларын енгізе отырып, білім сапасын жақсарту;
* еліміздегі тілдер саясатын қолдау мақсатында, үш тілде білім беру жүйесін енгізу;
* коммуникациялық оқыту жүйесін қалыптастыру арқылы оқушылардың логикалық, танымдық, эстетикалық, шығармашылық қырларын дамыту;
* қосымша білім берудің, соның ішінде инклюзивті білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
10 жыл ішінде БЖШҮ педагогикалық ұжымы қосымша білім беру жұмысын жүйелендіріп, нақты жетістіктерге қол жеткізді. Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінің тәрбиеленушілері көптеген халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегерлері атанып, мекеменің алтын қорын түрлі деңгейдегі дипломдармен, мадақтамалармен толықтырды.