Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Мен де бір жұлдыз» тақырыбымен өтетін көркем сурет және сәндік - қолданбалы өнер байқауының
Ережесі
Ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай қалалық деңгейде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған көркем сурет және сәндік - қолданбалы өнер байқауы өтеді.
Ұйымдастырушылар: Ақтөбе қаласының «BILIM QAZYNA» КММ, «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі» МКҚК Юнеско клубы
1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тұлғасын тиімді дамыту, қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған әсерін жұмысында көрсетуге, бейнелей білуге үйрену;
- Оқушының ой - санасын және көз алдына елестету қабілеттерін, ой арқылы эстетикалық талғамдарын дамыту; Бейнелеу мен қолөнерге деген қызығушылықты нығайту.
- Білім алушылардың шығармашылық потенциалдарын ынталандыру және дамыту;
https://ddut.kz/kz/zhanaly-tar/362-am-orshyly-ke-es-otyrysyny-orytyndysy.html#sigFreeId6fa3300fd0