2022 жыл Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен «Балалар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы «Балалар жылы» аясында Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен түрлі шаралар мен байқаулар ұйымдастырылып жатыр. Осындай шараның бірі бүгін, 26.05.2022ж. Ақтөбе облысының білім басқармасы мен «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі» МКҚК ұйымдастыруымен «Ұлттық қолөнер – ұрпаққа аманат» ұлттық колориті бар тұрмысқа арналған креативті бұйымдар жасау бойынша сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауы өтті.
Бұл шараның мақсаты – қазіргі қарқынды даму үстіндегі ақпараттық қоғамда ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұрпақ санасына сіңіру болып табылады. Байқаудың шарты бойынша ұлттық колориті бар тұрмысқа арналған креативті бұйымдар жасау керек.
Шараға Ақтөбе қаласынан және облысынан, оның ішінде Байғанин, Қобда, Хромтау, Ойыл сияқты аудандардан барлығы 80-ге жуық бала қатысты.
Қатысушылар үш жас категориясы бойынша қаралды: 10-12 жас, 13-15 жас және 16-17 жас аралығы. Байқауға қатысушылар жұмыстың жасалу жолын, техникасын, пайдалану мақсатын айтып таныстырды.
Қазылар алқасы үш бағыт бойынша бағалады:
• Жұмыстың ережеге сәйкестігі;
• Жұмыстың эстетикалық безендірілуі мен ұқыптылығы
• Бұйым жұмысының күрделілігі.
Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар, ал ерекше қолөнер бұйымдарын ұсынған шатысушылар бас жүлде, І, ІІ, ІІІ-орын дипломдарымен марапатталды.
Қазылар өз шешімдерін шығарғанша, қатысушылар балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі өнерпаздарының өнерлерін тамашалады.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe
@rumcdo_official
https://ddut.kz/kz/zhanaly-tar/316-2022-zhyl-aza-stan-respublikasyny-prezidenti-to-aevty-zharly-ymen-balalar-zhyly-dep-zhariyalan-any-belgilii.html#sigFreeId1b3cecada6
https://www.instagram.com/p/CeDajjlM_pe/?igshid=NmZiMzY2Mjc%3D