Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, 45 жалпы білім беретін орта мектеп КММ- де "Ұлттық қолөнер - ұрпаққа ұлағат" тақырыбында көркем еңбек пәнінің мұғалімдері И.Кулданова мен А.Бейбітованың, қолөнер үйірмесінің жетекшісі У.Жилкишинаның ұйымдастыруымен шебер класс өткізілді.
Шараның мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру , ұлттық қолөнерге деген құрмет пен қызығушылықты арттыру, тігін тігуге, сурет салуға қызықтыру, салауатты өмір салтын сақтауда спортпен шұғылдануға ұмтылдыру болып табылады.
Шеберлік сағатына қалалық білім бөлімі, әдістемелік кабинетінің әдіскерлері А. Садықова мен Р. Кулжанова және қала мектептерінен тәжірибе алмасу мақсатында көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты. Шебер класқа қатысқан әріптестер шығармашылығы шыңдалған шәкірттердің тастан, сүйектен жасаған бұйымдарына қызығушылық танытты. Кері байланыс жасалып, семинар қорытындыланды.
https://ddut.kz/kz/zhanaly-tar/296-lysty-ly-k-ni.html#sigFreeId82646167fb