30 ЖББОМ жанындағы "Ажур" үйірмесінің сабақ барысынан көріністер.
Үйірме бағдарламасы 10жастан жоғары жастағы қыз балаларға арналған.
Үйірменің негізгі мақсаты - қыз балаларға тоқудың түрлі әдістерін үйрету арқылы, оларды қолөнерге бейімдеу.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады.
"Ажур" үйірмесінде білім алушылар:
✅ жеке бас тұлғасын дамытып тәрбиелейді;
✅ қолөнер жайында жүйелі білім алады;
✅ өзінің жеке дара қабілетін танып, жетілдіреді;
✅ тоқыма өнері арқылы іскерлікке, шығармашылыққа үйренеді;
✅ рухани бай, ойлау шеңбері кең, мәдениетті адам болып қалыптасуға тәрбиеленеді.
Үйірме жетекшісі: Карагулова З.Ж.
@bilim_basqarmasy_aqtobe
@obrazovanie_gorod_aktobe
@rumcdo_official
https://ddut.kz/kz/zhanaly-tar/268-30-zhbbom-zhanynda-y-azhur-jirmesini-saba-barysynan-k-rinister.html#sigFreeId37e0222eef