«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай қалалық деңгейде «Әсемпаз болма әрнеге..» тақырыбымен Ақтөбе қалалық білім бөлімімен біріге отырып, көркемсурет байқауы өткізілді.
Байқаудың шарты бойынша ақынның шығармаларына иллюстрация жасау керек. Байқаудың мақсаты Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау, қазақтың Ұлы ақыны Абайдың шығармаларымен етене танысуына ықпал жасай отырып, балалардың шығармашылық, көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу. Шараға қатысу үшін 120 қатысушы өтінім тапсырды. Байқауға бейнелеу өнері пәндері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қазылық етті. 2020 жылдың 21-інші ақпанында марапаттау өткізілді. Онда қатысушылар сертификаттармен марапатталып, қалған 28 қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
https://ddut.kz/kz/zhanaly-tar/166-sempaz-bolma-rnege.html#sigFreeId80f542d0f4