Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес үйірме оқушыларының ата - аналарымен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан - жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу, жалпы ата - аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру бағытында психологиялық қолдау тренингін өткізді. Тренингті шығармашылық үйінің педогог - психологы Жалғасова Ш.С. жүргізді.