Бүгін 14 желтоқсан күні “Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі” МКҚК музыкалық бағыттарындағы үйірмелері Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне орай есеп беру концертін өткізді.
Шараға үйірмелердің 1 - ші оқу жылына қабылданған оқушыларының ата - аналары қонақ ретінде шақырылды. Аз ғана уақыт ішінде балаларының осындай өнер - білімге баулығанын көрген ата - аналар барша ұжым мүшелеріне алғыстарын білдірді.
Бүгінгі бейбітшілік бақытты өмірді сүре отырып, әрбір баланың қабілетін танып, өнерге баулу, оларды жаңа биіктерге ұмтылдыру, еліміздің дарындылар қатарына қосу әр педагогтің алдындағы міндеті Шығармашылық үйіндегі үйірмелерге қатысатын бүлдіршіндер еліміздің ертеңі, болашақ жарық жұлдыздары.
Жұлдыздарың жарқырай берсін, жас өрендер!