Ежелден бастау алған Наурыз мейрамы үлкен де, кіші де асыға күтетін және үлкен ынтамен тойлайтын мерекеге айналды. Ежелгі жазбаларда күн мен түннің теңелуі жақсылықтың зұлымдықты жеңіп, ақылдың нұрланып, жүректердің тыныштық пен мейірімділікке ашылатын уақыты деп аталуы кездейсоқ емес.
Адам жақсылық жасағанда оның жаны жайланып, өзін кереметтей жеңіл сезінетіні белгілі. Әр адамның бойында жақсылық жасауға ұмтылыс бар. Сондықтан да бір адамның жасаған әрбір жақсылығы көпшілікті ізгі, игі істерге шабыттандыруы мүмкін. Осындай мысалдардың бірі – «Игі істер күні» халықаралық мейрамы, оны мерекелеу күні Наурыз мейрамы – 18 наурызға сәйкес келеді.
Осыған орай балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінің қызметкерлері “Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау одағы” қоғамдық бірлестігіне барып көрісіп келді.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe
@rumcdo_official