“ӘН ӘУЕЗ” үйірмесі сабағынан үзінді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мәселесі бүгінгі күні көкейтесті болып табылады және тиісті назар аударуды талап етеді. Себебі жыл сайын психикалық, ақыл-есі, физикалық дамуында туа біткен, жүре пайда болған ақаулықтары бар балалар саны арта түсуде.
Біздің мекемемізде инклюзивті білім алатын санатқа жататын оқушылар, яғни мүмкіндігі шектеулі балалар да білім алуда. Осындай білім алушыларымыздың бірі – «Ән әуез» вокалды тобының мүшесі Ғалым Нұрәди.
Ол өзге топ мүшелерімен бірге өз мүмкіндігіне сай дами отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, ең бастысы – өзгелермен тең білім алуда.
Біздің инклюзивті білім берудегі міндетіміз – осындай мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға тартып, олардың әлеуметтенуіне жағдай жасап, балалардың бірдей білім алып, дамуына ықпал ету.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe
@rumcdo_official