Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес үйірме оқушыларының ата-аналарымен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу, жалпы ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру бағытында психологиялық қолдау тренингін өткізді. Тренингті шығармашылық үйінің педогог-психологы Жалғасова Ш.С. жүргізді.