Ағымдағы жылдың 29-қаңтар күні жалпы педаогоикалық кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1 мәселе Үйірме мүшелерінің сандық құрамының сақталуы
2 мәселе Педагогтардың біліктігін жетілдіру. Педагогтардың аттестациядан өту заңдылықтары
3 мәселе Ағымдағы әртүрлі сұрақтар қаралды
1 мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Бекбергенова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығына 8- қосымшаға сәйкес үйірме топтары бойынша әрбір оқу тобындағы балалардың сандық құрамының сақталуы туралы талаптарға тоқталды және ҚР Білім минстрінің 2020жылғы 6 сәуіріндегі №130 бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесімен таныстырды.
2 мәселе бойынша әдістемілік бөлім меңгерушісі Г.Амирова педагогтерді аттестациядан өткізу қағидалары мен шарттарын таныстырып, педагогтың білімін бағалау кезеңіне ( тест) баратын педагогтардың тізімін хабарлады.
3 мәселе бойынша шығармашылық үйінің директоры С.Ө Қайырбекова педагогтерді толғандырып жүрген мәселелерді талқылап, педагогикалық әдеп ережесімен, сыбайлас жемқорлық ережелерімен, ішкі тәртіп ережесімен жаңадан қабылданған педагогтер үшін хабарлама жасады.