2025 жылдың 31 қаңтар күні Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клуб Федерациясының «Жылды жақсылықпен баста» қайырымдылық бастамасы аясында Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған қалалық “Мен де бір жұлдыз” көркем сурет және сәндік - қолданбалы өнер байқауының марапаттау салтанаты өтті.

Байқауға қосымша білім беру мекемелері мен жалпы білім беретін мектептердің ерекше білім беруді қажет ететін 6-12 жас аралығындағы 270 бала өтініш тапсырып, І - дәрежелі дипломмен 20 бала, ІІ - дәрежелі дипломмен 30 бала, ІІІ - дәрежелі дипломмен 40 бала марапатталды. Байқауда жұмыстың ережеге сәйкестігі, жұмыстың эстетикалық безендірілуі мен ұқыптылығына баға берілді. Байқаудың барлық жеңімпаздарын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
Байқауға демеуші болған “Аманат” партиясының депутаты Руслан Амангелдіұлына алғыс білдіреміз.